Қазақстанда үш мешіт сатылымға қойылды (ФОТО)
2017 ж. 15 қыркүйек
2925
8
Қостанай облысында үш бірдей мешіт сатылымға шығарылып отыр. Бұл туралы krisha.kz-ке сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
500 адамға лайықталған Арқалық қаласындағы мешіттің жалпы аумағы 2000 шаршы метр. Жер телімінің көлемі 300 сотық. Иесі құлшылық орыны үшін 150 миллион теңге сұрап отыр.
Екіншісі – Амантоғай ауылында орналасқан. Аумағы 350 шаршы метр болатын бұл мешіт бір мезетте 250 адамды сыйдыра алады. Аумақ көлемі – 1 гектар. Бағасы – 50 миллион теңге.
Үшінші мешіт Торғай ауылында орналасқан. Аумағы – 600 шаршы метр, 500 адамға есептелген. Нысан құны – 34 млн теңге.
“Мен 90-жылдары осы мешіттердің құрылысына қатыстым, тағы 2-3 мемлекеттік компаниялар болды. Маған жұмысым үшін ақы төлемеді. Сол себепті мен сотқа беріп едім, маған ақшаның орынына ғимараттарды берді. Міне, 20 жылдан бері күзетіп келе жатырмын. Тағы бір зардап шегуші бар. Бірақ, ол ақшаның қайтарынан үміттенбейді”, – дейді нысан иесі.
Ол мешітті сатып алғысы келетін нақты ниеті бар адамдардың жоқ екенін айтты.
“Көбісі мешітті тегін беруім керек дейді. Бірақ олай қалай істеймін? Мен өз құрылыс компаниямның қаражатын жұмсадым. Мәселен Арқалықтағы мешіт үлкен бір зәулім сарайдан кем емес. 150 млн теңгеге қазір Астанадан жақсы коттедж сатып ала алмайсың. Мен оларды жеке-жеке сатамын, тіпті Астана, Алматы, Қостанай немесе Көкшетау қаласындағы үймен алмастыруға да болады. Маған бизнесімді қалпына келтіру үшін ақша керек. Ал мен мешіттен алысқа ұзап кете алатын емеспін”, – дейді ол.
“Ғимарат өте ыңғайлы, ол жерде ас беріп, алкогольсіз үйлену тойларын да өткізуге болады. Мені айыптамаңыздар, онсыз да бизнесімді жоғалттым”, – деп жазылған хабарламада.