Алматы облысында таун-хаус салынбақ
2017 ж. 27 шілде
1745
0
Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Соның бірі Алматы облысында осы жылдың аяғына дейін жалпы алаңы 5918,4 шаршы метр болатын 48 пәтерлі таун-хаустар салынуы жоспарлануда. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Нұрлы-Жер» бағдарламаның мәні, жерге кезекте тұрған азаматтар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын біріктіру. Жер теліміне кезекте тұрған азаматтар, тек жер ғана емес, дайын үйді алуға мүмкіндіктері бар.
«Үміткерлер үшін екі маңызды шарт сәйкес болуы тиіс. Біріншісі, жер теліміне кезекте тұруы. Екіншісі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтау шоты болуы тиіс. Тұрғызылған ғимараттар алаңы 80 шаршы метрден 123 метрге дейін ауытқып отырады, 1 шаршы метр құны 120 000 теңгені құрайды. Осы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй құнының бастапқы 30% Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне енгізіледі, несие жылына 5 %-бен есептеледі. Пәтерді Жер комитетінде жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар ала алады», - деді «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рүстем Сағындықұлы.
Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті талаптың бірі сатып алынатын тұрғын үй құнының 30% көлемінде қатысушының жеке шотында қаржы болу керектігі айтылды.
qazaquni.kz