Өскеменде Skoda Kodiaq моделі құрастырылатын болды
2017 ж. 23 шілде
1252
0

«Азия Авто» көлік құрастыру зауыты 2017 жылдың күзінде жаңа Skoda Kodiaq моделін шығарады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, компания Skoda-ның Superb, Rapid және Octavia модельдерінің жаңартылған нұсқасын шығаруды бастамақ.
» Skoda Kodiaq өндірісі күзде, қыркүйекте басталады. Superb, Rapid және Octavia модельдерінің жаңартылған нұсқалары бір аптадан кейін шығарыла бастайды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.