Болат Әбілов үлкен бизнеске қайта оралды

[caption id="" align="aligncenter" width="649"]Картинки по запросу булат абилов Фото: Informburo.kz[/caption]

Қарағанды облысында газоблок шығаратын жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың ашылу салтанаты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен өтті, - деп хабарлайды naryk.kz.

— Бұл Астана күніне бағытталған айтулы жаңалық. Өнім алдымен Астана қаласындағы құрылысқа жіберіледі. Компаниямен жасалған бүгінде тиісті келісім шарт бар. Біздің облыс жалпыұлттық іске осылайша үлес қосып, әсем Елордамыздың гүлденуіне септігін тигізіп жатқаны қуантады,-деп атап өтті зауыттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ жетекшісі.

Жобаның басты құрылтайшысы кәсіпкер Болат Әбілов. Бизнес өкілі зауыттың құрылысын жүзеге асыруда Қарағанды облысы не себепті таңдалғанын түсіндіріп берді.

— Қарағанды облысы шикізаты мол, мамандары білікті өндірісті өңір. Сондықтан зауытты осы аймақта аштық,- деді Болат Әбілов. – Кәсіпорын Қарағанды мен Астана тәрізді екі қаланың дәл ортасында орналасқандықтан географиялық жағынан да ыңғайлы. Мұндағы шикізат базасының әлеуеті жоғары. Зауыттан 7-8 шақырым жерде кен орны бар. Айта кету керек, теміртаудағы құм 76 пайыз кварцтан құралған. Яғни біз ең сапалы өнім шығарамыз деген сөз. Себебі Алматы, Астана қалаларының газоблок зауытындағы кварц тек 60 пайызды құрайды.

Жобаның инфесторы — Болат Әбілов компания шығаратын газоблок жеңіл, әрі тегіс болады,-дейді. Алғашқы құрылыс материалы зауыт ашылған сәттен яғни бүгіннен бастап шығарылады.

Зауытта 70-тен астам жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жетекшілері жуырда тағы да еңбеккерлерді жұмысқа қабылдамақ ниетте.

— Біз жұмысқа қарағандылықпен темуртаулықтарды таңдап алдық,-дейд і«КазГазоБлок» компаниясының өкілі Еркебұлан Ахметов. –Бізге Теміртау қаласындағы «Жұмыспен қамту» орталығының ұжымы көмектесті. Мұндай зауыт Қарағанды облысында бірінші пайда болғандықтан бүгінде мамандарды қайта оқыту шарасы жүргізіліп жатыр. Жұмыскерлердің орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды.

Кәсіпорын жылына 150 мыңтекше метр газоблок өнімін шығарадым деп күтілуде. Бұл алдымен, Қарағанды облысындағы құрылыс компанияларының сұранысын өтейтін болады. Қазірдің өзінде зауыт Астананың ірі өндіріс орындарынан тапсырыс алып отыр. Ал нарыққа текшеметріне 14 000 теңге бағада шығамыз деп жоспарлайды.