ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада азық-түлік бағасы күрт қымбаттады
2017 ж. 17 мамыр
2339
1

Ranking.kz порталының мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда азық-түлік бағасы 9,5% өскен. Ал, азық-түліктік емес тауарлардың бағасы 8,7%, ақылы қызметтер 4,8% жоғарылады.
Әсіресе, елордада негізгі қажетті тауарлардың бағасы 2016 жылмен салыстырғанда 9,2% жоғарылады. Соның ішінде азық-түлік пен сусындардың бағасы 13,2% жоғарылады.