Министр 300 шақырым жолды қайта салуға 240 миллион доллар жұмсамақ
2017 ж. 11 мамыр
2436
1
Ақтөбе - Мақат тасжолындағы 300 шақырымға созылған екіжолақты жолды жөндеуге 240 миллион доллардан аса қаражат керек. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек неліктен осыншама қаражаттың қажет екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қайта жөнделетін 299 шақырым жолда 150-ден аса түрлі инженерлік құрылыс, 11 өтпе жол, 39 мал айдау жолдарына арналған жұмыстар жүргізіледі. Бұл тек екіжолақты жол емес, ол ені 15 метрге дейін созылған жер төсемі. 13 тоннадай асфальт төселеді. Бүгінде ол аумақта 6-8 тонна асфальт жатыр, яғни, жолдың сапасы қазіргі жолдардың сапасынан жақсарады", - деді министр.
Министрдің айтуынша, Еуропада жолдардың бағасы әрбір шақырым үшін бізден қарағанда 8-10 есеге, ал Ресейде 1,5 - 2 есеге қымбат.