Наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады (фото)
2017 ж. 08 ақпан
2701
0
Ұлттық Банк 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналымнан шығып, төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды NUR.KZ.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.
"Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. Ұлттық Банктің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін де мәлімдеді.