Елімізде екі бірдей банктің келісіміне Ұлттық банк қарсы шықты
2017 ж. 25 қаңтар
2352
0
Бірігуге қатысты келіссөздерді бастап кеткен Qazkom мен Халық банкінің мәселесіне Ұлттық Банк араласты деп хабарлайды КТК арнасы.
Қаржы ұйымдары ең алдымен депозит салғандар мен несие алғандардың ертеңгі жағдайын ескеруі тиіс. Тек клиенттердің қаржысына кепілдік берілген жағдайда ғана бірігу туралы қандайда бір сөз қозғауға болады дейді Ұлттық банктегілер.
Оның өзінде де Qazkom пен Халық банкі акционерлерді өз бетімен ауыстыра алмайды екен. Еліміздің екі бірдей банкі күтпеген жерден келіссөзді бастап жатырмыз деп сайттарына жарыса жазған болатын.
Бұл - қаржылық қиындықтардан шығудың амалы болуы мүмкін. Ал жағдайды енді өз бақылауына алған Ұлттық банк өкілдері оларға қойылатын талап күшейеді деп отыр.
"Qazkom мен Халық банкі бірігу үшін Ұлттық банктен келісім алуы тиіс. Бұл жағдайды біз міндетті түрде жіті қадағалаймыз. Барлық құжаттарды зерттеп, салымшылардың құқығы қорғалған жағдайда ғана басқарма шешім шығарады", - дейді Ұлттық Банк департаменті директорының орынбасары Әнуар Ізбасаров.