"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" жаңа басшысы тағайындалды
2017 ж. 13 қаңтар
2377
4
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" төрағасы ауысты. Қордың жаңа басшысы болып Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктің Ішкі аудит департаментінің директоры болып қызмет еткен. Ал 2013 жылы Наурызбаева «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы қызметінен кеткен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" басшылары үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған болатын.
Қазір "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" төрағасы Руслан Ерденаев, қордың басқарма бастығы Мұса Бахтов, «Бузгул Аурум» серіктестігінің директоры Азат Найзагарин мен «АлатауМұнайАлтын» компаниясының бастығы Бақытжан Кенжебеков Қылмыстық кодекстің 189 бабы бойынша айыпталуда.
Яғни, Ерденаев пен оның сыбайластары аса ірі көлемде қаржыны талан-таражға салған деген күдікке ілігіп отыр.