Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық банктің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференция өтіп жатыр деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Ұлттық валюта күнімен құттықтап, мемлекет басшысының 1993 жылы төл теңгемізді енгізу туралы тарихи шешімі көреген, әрі тағдыр шешті қадам болғанын атап өтті.
Іс-шара барысында Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды.
Басқосуда өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен экономистер сөз сөйледі. 10 мыңдық банкнот 1 желтоқсаннан бастап айналымға шығады.
президент болама аты шыккан батыр болама олгеннен кеин памятник валютга ылаиыкты болса халыкпен акылдасып енгизген дурыс болар еди?
«Жыртыл, қазақ, жыртыл»! 25 жыл бойы алдыңдағы нан, қолыңдағы сабын, үстіңдегі киім 1 теңгеге болсын арзандады ма? Бір нәрсенің арзандағанын естідіңдер ме? Үнемі қымбаттаудан сендерге зиян болмаған екен, яғни шулап мақтап отырған бәрің – байдың балаларысыңдар. Жүздеген ауылдың ауызсуға да жарымай, электр, жылу, медпункт тауқыметін тартып келе жатқаны кімнің «арқасы»? Сендердей жалған намысты, далақпай мақтаншақ, жағымпаз байғұстар азаймай да қазақ қауымы тазармайды. Анау ақшаны алыңдар да, күнде таңертең ашқарында жалап жүріңдер, денсаулықтарың мықты болып, сайрай түсесіңдер. Совет одағын, дүние жүзін фашист Гитлердің жемі болып кетуден сақтаған Сталин СССР Орталық банкінің бастығы жаңа ақшаның екі сурет-эскизін жасап, өзіне алып барғанында ол Лениннің портреті барын құптапты да, өзінің портреті барды жыртып тастапты. Н.Хохловтың естелік кітабында жазылған. Ойландыра ма сендерді? Жоқ, ойландырмас. Уәйда, мадақтауды жарыса шұбалта беріңдер! :kulki:
Ия, АҚШ пен Қытай өз лидерлерінің бейнесін банкноттарына орналастырған ғой. Сондықтан жақсы көрсетіліпті дегім келеді…
Құрметке лайықты тұлға екенін әрбір қазақстандық жақсы біледі.
Әлемдік тәжірибе бар дүние ғой. Расымен де өзге елдердің банкноттарында да өздерінің лидерлері белгіленген емес пе?
Мұнда тұрған ештеңе жоқ, елдің жеке тәуелсіз екенін көретеді. Біз теңгемізбен мақтанамыз.Ешқандай валюта біздің теңгеге жетпейді. Теңге әлемдегі ең қауіпсіз валюта болып табылады екен. Оны көшіріп, жалған етіп жасау өте қиын екен.
Түркімендер де, Американдықтар да өз патшаларының суретін қойып банкнот шығарған болатын. Сәтсіз болмады. Халқы жылы қабылдады.
Елбасы бейнеленген жаңа ақшалар құтты болсын! Орынды.
«Таулардың биіктігі баурайында жүргенде байқалмайды» деген рас. Баурайында жүргенде бір-бірімізді қадірлей, бағалай білейікші. Онсызда, аз қазақпыз. Елбасының еңбегңн жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, мен қолдаймын бұл шешімді
Мен де бұл шешімді қолдаймын. Елбасының елге жасаған еңбегі ерен.
Вполне логично, кто ели не президент должен быть изображен, он сделал больше всех для страны, благодаря его политики Казахстан развивается
Очень заслуженно, Назарбаев неразрывно связан с нашей независимостью, с нашей валютой, кто если не он должен быть изображен.
Ол теңгені жойғым келмейді ғой сосын. Лимитті қылмай, тоқтаусыз шығара беруге болмас па екен?
Тек қана он мың теңге емес, барлық теңгеге лимитті коллекция қып шығару керек еді.
Алып сақтап қойғым ақ келеді, әттең, он мың теңге. Екі жүз теңге болса сақтап қояр едім.
Бұл банкноталарды айналымнан көп ұзамай көретін боламыз, бұл жақсы сый болатын болды.
Бұл әлем елдерінде өткізілген практика. Сол себепті қорқып-шошып қашудың керегі не?
Егер АҚШтың тәжірибесіне көз жүгіртер болсақ, 1864 жылы Конгресс шығарған заңға сәйкес ақша бетіне тірі адамның суретін қой мүмкіндігі жойылған болатын. Бірақ біз Қазақстанбыз ғой. Біздің өз заңымыз бар. Сондықтан Назарбаев лайықты деп ойлаймын.
Баяғыда ел басқарғандардың суреті болушы еді банкноттың бетінде. неге соның ізімен қазргі басшыны қоймасқа?
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында мұндай шешім қабылдау өте ақылды қадам деп ойлаймын. Елбасымыздың Қазақстанға жасаған еңбегі мол.
Ия, әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, Елбасының бейнесін баяғыдан ақ шығару керек еді.
Егемендік алғалы басқарып келе жатқан елбасымыз елімізбен астасып жатқан тұтас ұғым деп білемін.
Елді басқарғанына 25 жылдың ары-бері жағы болғанына қарамастан мұндай бастама алғашқы рет болып отыр. Ал США болса сонау 19 ғасырдың басында -ақ өз президенттерінің суреттерін ақша бетіне шығара бастады. Сондықтан дұрыс шешім қабылданған деп ойлаймын.
Мынау бір эксклюзивті әрі лимитті көлемде шыққан нәрсе. Мұны да көрейік
1-желтоқсанан бастап шықса жуырда қолымызға алып қалады екенбіз ғой. Қашан тиер екен деп асыға күтеміз.
Қызық екен. Елге еңбегі сіңген қанша адамдарды бейнелеген бұл банкноттарға Елбасы қою жақсы идея.