Қазақстан дамыған 50 елдің қатарынан шығып қалды
2016 ж. 28 қыркүйек
12231
3
Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру - басты мақсат деп ұрандатқан Қазақстан билігі енді бұл мақсатына жақын уақытта жете алмайтын секілді.

"Бәсекеге қабілетті елдердің жаһандық индексі" бойынша жасалған рейтингтің бірінші сатысын әзірге Швейцария ешкімге берер емес. Екінші орында - Сингапур, ал үздік үштікті АҚШ қорытындылап тұр. Алғашқы ондықта Нидерланды, Германия, Швеция, Жапония, Гонконг және Финляндия секілді өркениетті елдер бар.
ТМД елдері арасында ең жоғары орында Эстония орналасқан - 30-орын. Мұнан кейін Литва (35) және Әзірбайжан (37) тұр. Былтыр бізден қалып қойған Ресей Федерациясы екі сатыға жоғарылап, 43-орынды иеленіпті. Тәжікстан - 77, Армения - 79, Украина - 85 және Қырғызстан 111-орында.
Айта кетейік, бәсекеге қабілетті елдердің тізімінде Қазақстан былтыр 140 елдің ішінде 42-орынға жайғасқан болатын. Бұған қанағаттанбаған ел билігі "отыздыққа" енуді мақсат етті.