Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

«Макдональдс» Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі - Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін.  Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасапNUR.KZ порталы хабарлайды.

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақБұл "Макдональдстың" франчайзингті дамытудағы ірі келісімшарты болмақ. Монопилияға қарсы Федералды қызмет сатылым бойынша келісімшартты мақұлдады.

Ресейдің 13 аймағында тарайтын "Макдональдс" желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз. 2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда "Макдональдс" франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы "Макдональдсты" 2016 жылдың наурызында ашқан болатын. Кәсіпкер үш-бес жыл ішінде республикада 15 мейрамхана ашуды жоспарлап жүр деп жазады ТАСС.

Белоруссияда он "Макдональдс" бар: тоғызы Минскіде және біреуі Витебскіде. Боранбаевтан бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Дегенмен Ресейдегі 67 «Макдональдс» мейрамханасы жаңа франчайзидің қолына өтеді. Ал оның кім екені әзірге айтылмай отыр.