Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ
2016 ж. 01 қыркүйек
2346
0
«Макдональдс» Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі - Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасапNUR.KZ порталы хабарлайды.
Ресейдің 13 аймағында тарайтын "Макдональдс" желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз. 2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда "Макдональдс" франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы "Макдональдсты" 2016 жылдың наурызында ашқан болатын. Кәсіпкер үш-бес жыл ішінде республикада 15 мейрамхана ашуды жоспарлап жүр деп жазады ТАСС.
Белоруссияда он "Макдональдс" бар: тоғызы Минскіде және біреуі Витебскіде. Боранбаевтан бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Дегенмен Ресейдегі 67 «Макдональдс» мейрамханасы жаңа франчайзидің қолына өтеді. Ал оның кім екені әзірге айтылмай отыр.