Гена елімізде көмір өндірісін қолға алмақшы
2016 ж. 29 маусым
1820
0
WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын еліміздің экономикасына инвестициялайды, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, Қарағандыда көмір байыту өндіріс орны ашылады. Айта кетейік, кәсіпорынның негізін салушылар - жергілікті кәсіпкерлер мен "Самұрык-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Сонымен қатар, телеарнаның мәліметінше, 5 шілдеде жаңа өндіріс орны таныстырылады. 150 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Ал зауыттың қуаты - жылына 500 мың тонна көмір.
"Маған бұл ой мүмкін біздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Барлығын соқ та, елге орал" деп айтқан соң келген шығар. Яғни, Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен Қазақстанға инвестициялауға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсылық жасау керек, яғни қажетті нәрсені беру керек", - деп келтірді Головкиннің сөзін телеарна.
Дерек көзі: "Хабар"