Қазақстан азаматының табысын ашық жариялауға арналған декларацияны толтыру ешбір қиындық туғызбайды. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бір беттік қағазды кез келген адам толтыра алады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Декларацияны енгізудің арқасында салықтың әділ жүйесін қалыптастыра аламыз - Бақыт Сұлтанов
2016 ж. 27 маусым
2064
0
«Иә, қазіргі кезде осы мәселеге қатысты пікірталастар көп. Дегенмен, декларацияны енгізудің арқасында біз салық салудың әділ жүйесін қалыптастыра аламыз. Себебі адамның табысы көп болса, бюджетке түсетін салықтың көлемі де көп болады. Ал бюджетке салық аз түссе, мемлекеттің халықты қолдау шараларын жасауға деген қауқары төмендейді. Сол себепті табыстың көлемі ашық болуы шарт. Қазіргі кезде деларацияны енгізуге қажетті барлық инфрақұрылым жасалды. Оны кез келген адам толтыра алады. Өйткені декларация бір беттен аспайды», - деді Б.Сұлтанов бүгін халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде.
Оның айтуынша, декларацияны толтыру жұмысы сатылап жүргізіледі. Келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер декларацияны толтырып, тапсыруы шарт. Ал 2020 жылда аталған міндет бүкіл халыққа таралады.
Дерек көзі: Baq.kz