Қазақстанды алғашқы «Salem, Mobile» төлем терминал жүйесі іске қосылды
2016 ж. 22 маусым
2242
0
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазпочта» АҚ ақпараттық баспасөз туры аясында Ақмола облысының Шортанды ауылындағы аудандық пошталық байланыс торабында болды. Іс-шараға сонымен қатар «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, аудандық әкімдік, БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты, деп хабарлады «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі.
Дәурен Абаев ауыл тұрғындарына қазіргі заманғы коммуникациялық қызметтерді ұсыну жаңа министрлік жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. «21 ғасырдағы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын белгі - азаматтардың күнделікті өміріне жоғары технологиялардың ену деңгейі болып табылады. Біздің еліміз осы салада едәуір жетістіктерге жетті, алайда біздің бағындырар шыңымыз әлі алда. Әрине, ең алдымен технологиялық прогресс жетістіктерін ауылдық жерлерге енгізу туралы сөз қозғалады. Бүгін таныстырылып отырған әлеуметтік жобалар - соның куәсі, мұндай жұмыс нәтижелері өзін көп күттірмейді», - деп атап өтті министр.
Кездесу барысында «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин пошта саласындағы жаңалықтар туралы айта келе, қатысушыларға пошталық және қаржылық қызметтерді - электронды кезек, «сәлемдемелер супермаркеті», postmarket.kz (e-commerce) сауда алаңы, есептік-кассалық қызмет көрсету, т/ж билеттерін сату, заңды тұлғаларға қызмет көрсету және т.б. таныстырды.
Қатысушылардың назарына «Salem, Mobile» деп аталатын тауарлар мен қызметтерге төлем жасау жөніндегі жаңа қызмет таныстырылды. Оның қарапайымдылығы мен қолжетімділігі - сатушыға төлем жүргізу үшін қымбат тұратын жабдықтар (терминал) сатып алу және Интернетке қосылудың қажет еместігінде.
Клиенттің төлемі кез келген үлгідегі ұялы телефон құралымен USSD пәрменін (қысқа хабарламалар қызметін) *499# нөміріне жіберу арқылы жүзеге асырылады. Тауарлар мен қызметтер төлемін жасау үшін интернетке қолжетімділік және төлем картасын өзімен бірге алып жүрудің қажет еместігі сатып алушы үшін ыңғайлы. Төлемдер жүргізу үшін өз картаңызды бір рет қана www.post.kz тіркеу жеткілікті.
Қазпочта әлеуметтік бағдарлы компания ретінде ауыл тұрғындарына арналған жұмыс орындарын құрады, ауылдық пошта таратушыларды арнайы киімдермен, смартфондармен және велосипедтермен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа Қазпочтаның 50 бөлімшесінде ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шалғайда орналасқан бөлімшелерде «Интернетке қолжетімділік орындары» орналастырған, бұл тұрғындардың интернетті тегін пайдалануына, саудалық интернет-алаңдарда операциялар жүргізуге, сондай-ақ алыста орналасқан ауылды жерлердегі туысқандарымен Skype арқылы байланысқа шығуға мүмкіндік береді.
* * *
«Қазпочта» АҚ - пошталық, қаржылық, логистикалық, брокерлік және агенттік қызметтерін ұсынатын Қазақстан Республикасының пошталық байланыс саласындағы ұлттық операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.
qazaquni.kz