ТМД-дағы ең бай ондыққа кірген қазақстандық миллиардерлер
2016 ж. 24 мамыр
3012
0
Forbes-тің жаһандық рейтингіне ТМД елдерінен 11 миллиардер енді. Олардың арасында бес қазақстандық бар. Бұл туралы forbes.ru хабарлайды.
Рейтингтегі ең бай кәсіпкер - Бидзина Иванишвили. Оның мүлкі $4,8 млрд-қа бағаланған. Қалған он миллиардер Украина мен Қазақстан елінен.
Сонымен, тізімге сәйкес, ең қалталы бес қазақстандық ретінде Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Әділжан Ибрагимовтің есімдері аталған.
Олардың мүліктерінің жалпы сомасы $9,3 млрд-ты құрайды.
Владимир Ким
Бесінші орында - мыс магнаты Владимир Ким. Оның мүлкі 1,7 млрд долларды құрайды. Ол жыл ішінде тағы 300 млн-ға баии түскен.
Ол - қымбат металдар өңдеумен айналысатын "KAZ Minerals" тобының президенті әрі ірі акционері.
Болат Өтемұратов
Қазақстандық кәсіпкер Өтемұратовтың байлығы өткен жылғымен салыстырғанда 100 млн теңгеге арта түскен. Бүгінде оның мүліктері 2,4 млрд долларға бағаланып отыр.
Өтемұратов - Қазақстан теннисі федерациясының президенті, ITF (International Tennis Federation) директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер, дипломат.
Сонымен қатар, ол Алматыда және Астанада балаларға арналған Haileybury мектептерінің негізін қалаушы. Оның алғашқы ірі жобасы - "АТФ Банкінің" дамуы. Бірнеше жыл ішінде көтерілген банктің бүгінде 160 бөлімшесі бар.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар
Екінші және үшінші орынға Құлыбаевтар отбасы жайғасты. Олар да дағдарысқа қарамастан, бір жыл ішінде 100 млн теңгеге баии түскен. Олардың мүлкі бүгінде 2,1 млрд долларға бағаланып отыр.
"Қазақстан халық жинақ банкін" бақылайтын "АЛМЭКС" тобы Құлыбаевтарға тиесілі.
Әділжан Ибрагимов
ERG (бұрынғы ENRC) қожайындарының бірі рейтингте төртінші орынға жайғасты. Оның байлығы 1,8 млрд долларды құрайды.
Әділжан Ибрагимов 1989 жылдан бастап Қазақстанда өз кәсібін ашқан. Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы болған. 2002 жылдан бастап "Қазхром" президенті. Кәсіпкер - "еуразиялық үштіктің" жалғыз қазақстандық өкілі.
Ирина Телицынаның материалынан аударылды.
Дерек көзі: forbes.ru