Қайрат Айтбай: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ
2016 ж. 18 наурыз
3618
6
Қайрат АЙТБАЙ, Тараз металлургия заводынын (ТМЗ) вице - президенті Қазақстан Республикасының Парламенты мәжілісінің депуттаттығына үміткер "Ақ жол" партиясынын мүшесі:
– Сіз неліктен «АҚ ЖОЛ» партиясының қатарына кірдіңіз? – «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей «АҚ ЖОЛ» жаңа мүмкіндіктерді іздеу және жүзеге асыру арқылы ғана қамтамасыз етуге болатын прогресстік даму қолдаған және қолдай береді. Менің пікірімше, «АҚ ЖОЛ» партиясы мен үшін де, бүкіл қоғамға үшін де жаңа жақсы мүмкіндіктерді қалыптастырудың нақты бағдарламасын ұсынып отыр. Маған партияның мақсаттары мен міндеттерінің мазмұны түсінікті. Өзімді және өзімнің қабілеттерімді осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға жұмсау арқылы қоғамның дамуына үлес қосамын деп ойлаймын, сондықтан да «АҚ ЖОЛ» партиясын таңдадым.
– «АҚ ЖОЛ» саясатындағы қандай мәселелер Сіз үшін өте маңызды? – Партия маңызды міндеттерді шешу жолында қызмет етіп отыр. Бұл тәуелсіздік және ұлттық мүдделер, нарықтық реформалар және жеке кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ биліктің шынайылылығы және қоғам алдындағы есептілігі. Мен кәсіпкерлік саласында бірнеше жыл қызмет етеіп келемін, сондықтан да бұл мәселелер маған жақсы таныс және өте маңызды. Өзімнің күнделікті қызметімде мемлекеттік құрылымдардағы заңсыздықтың әрі бюрократияның әр түрлі көріністерімен бетпе-бет келемін. Мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің қоғамға зиян келтіретін іс-әрекеттері үшін жауаптылығын күшейту қажет деп есептеймін.
– Осы мәселелерді шешу мақсатында партия қандай нақты жұмыстар жасауда? – Жоғарыда айтылғандай және де бәріңізге белгілі «АҚ ЖОЛ» партиясы қызметінің негізгі бағыттары – ұлттық кәсіпкерлікті дамыту. Партия әрдайым жеке, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдаудың жақтаушысы болып отыр. Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономиканың, тәуелсіздіктің, қауіпсіздіктің негізі. Бұл мәселелерді іс жүзінде шешу мақсатында ҚР Парламенті палаталары мен комитеттерінің отырыстарында, үкіметтік сағаттарда, депутаттық сауалдарда аталмыш мәселелерді үнемі көтеріп жүр. «АҚ ЖОЛ» фракциясы депутаттарының атына тұрғындардан, соның ішінде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардан хаттар мен өтініштер тұрақты түрде түсіп отырады. Депутаттар бұл мәселелерді тыңғылылықты зерделеп, олардың заңды негізде шешілуіне бағытталған шаралар қабылдайды. Олардың кейбірі терең талдаудан өткеннен кейін заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ретінде енгізледі, себебі олар кәсіпкерлердің қызметіне нақты әрі тікелей ықпал етеді. Мемлекеттік органдардың беделіне, экономикалық өсімге және кәсіпкерлердің қызметіненұқсан келтіретін, кәсіпкерліктің басты тежегіш күші әрі жауы - сыбайлас жемқорлық екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан «АҚ ЖОЛ» күнделікті қызметі мен ұзақ мерзімді стратегиясында осы мәселелерді бірінші кезекке қояды.
– Өзіңіздің жұмысыңда осы мәселелермен айналысасыз ба және қалай айналысасыз? – Мен өндіріспен айналысатын басқарушы холдингбасшыларының бірі ретінде бұл мәселелер менің күнделікті жұмысымда жиі алдымнан шығып отырады және оларды белсенді түрде шешумен айналысамыз. Расында, бұл әрдайым оңай әрі сәтті бола бермейді, дегенмен бұл боямасыз өмір. Шенеуніктердің заңсыз әрекеттері мен нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар жиі кездесіп тұрады. Бұл әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне берілетін жеңілдіктер мен преференцияларға, төмендетілген тарифтер мен мөлшерлемелерге, салықтық жеңілдіктерге қатысты.
– Қазақстанның болашағын қалай елестетесіз? – Болашақтағы Қазақстан құқықты, экономикасы қуатты,білімді әрі әлеуметтік-мәдени қоғам ретінде қалыптасқан мемлекет деп есептеймін. Бейбітшілік пен тыныштық орнаған, көп ұлт пен конфессиялардың өкілдері тату-тәтті өмір сүретін, шағын әрі орта бизнесті қолдайтын, азаматтары өздеріне рухани әрі материалдық игілік әкелетін сүйікті істерімен айналысатын мемлекет. Болашақтағы Қазақстан азаматы – бұл бақытты, қамтамасыз етілген, ең мықты білім, медициналық қызмет, мемлекет тарапынан қолдау алатын, құқықтары мен міндеттері бірінші кезекте тұратын, дамудың жаңа мүмкіндіктері мен білім іздеген өз елінің патриоты.
"Деловая газета" газеті Материалдың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді