Қазақстандықтардың зейнетақы қорына жинақтаған ақшасының саны белгілі болды
2016 ж. 19 ақпан
2026
0
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағының сомасы 5,83 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев айтты.
Өткен жылды қорытындылай келе басқарма төрағасы 2015 жылы міндетті зейнетақы жарнасының сомасы 657,6 млрд теңге болғанын атап өтті. БЖЗҚ-ға түскен инвестициялық табыс 761,40 млрд теңгеге жетті. Бұл сома барлық салымшыларға бөлініп салынды.
Осылайша 13,6% инфляция деңгейінде активтердің табыстылығы 15,65%-ға артты.
«Салымшыларға 141,12 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына 24,23 млрд теңге төленді. Қызмет көрсету орталықтары 6,6 млн адамға қызмет көрсетті. Күту уақыты да 6 минутқа азайтылды», - деді Р.Ерденаев.
Азаматтардың жеке шотындағы қаржы туралы ақпаратты пошта, электронды пошта, web- сайт, мобильді қосымша, e-gov порталы арқылы білуге болады.
Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап «Мобильді офис» бағдарламасы іске қосылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз үйінен шықпай қажетті қызметті алатын болды.
«Қордың негізгі міндеті көрсетілетін қызмет түрлерін халықаралық стандартқа жеткізу болып табылады. Салымшы болашақта қорға бармайтын болады. Тек уақыты келгенде біз шотына белгілі бір сома жіберілгенін хабарлап отырамыз», - деді басқарма төрағасы.
Дерек көзі: ҚазАқпарат