Доллар 390 теңгеге жетті

Кurs.kz және valuta.kz сайттарындағы мәліметтерге сүйенсек Астананың айырбас нүктелерінде доллар 390 теңгеге жетті. Ал Алматы қаласында 389 және 387 теңгеден сатылуда.

56df56d5d6f5d6f56df2d32wew2222

Банктердегі жағдайға келсек: «Қазкоммерцбанк» долларды 388,5 теңгеден сатып, 386,5 теңгеден сатып алуда. “Халық банкінде” доллар курсы 388,97 және 386,99 теңге аралығында.

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі  саудада теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 383,23 теңге  болды.

qazaquni.kz