Серік Абас-шах: Теңге мен доллар “белсендi сексуальды” қатынаста сияқты

Еліміздің танымал продюсері Серік Абас-шах дағдарысты сексуалды қатынасқа теңеді, - деп хабарлайды nur.kz.

Танымал продюсер күн санап құлдырап жатқан теңге мен асқақтап жатқан АҚШ ақшасына қатысты пікірін әлеуметтік желіде жария етті.

“Теңге мен доллар “белсендi сексуальды” қатынаста сияқты. Бipece, жоғары шығады, бipece, төмен түседi. Бipece, жоғары шығады, бipece, төмен түседi”, – деп жазады ол Instagram парақшасында.

Бұған пікір білдірушілер сол арада продюсердің басқа теңеу таппағанына қынжылса, енді бірі “екіқабат болып қалмаса шүкір” деп әзілдеп үлгерген.

Еске сала кетсек, Серік Абас-шах Қорғаныс министрі, саясаткер Иманғали Тасмағамбетовке ерекше құттықтау жолдап, ел есінде қалған еді.

qazaquni.kz