Теңге әлемдегі көрсеткіші ең нашар валюта деп танылды
2015 ж. 20 желтоқсан
2123
0
Bloomberg қаржы агенттігіне сілтеме жасаған британдық Financial Times газеті Қазақстан теңгесін «биыл әлемде ең нашар көрсеткіштермен танылған валюта» деп атаған.
Бұған дәйек ретінде дүйсенбі күні теңгенің кезекті мәрте құлдырағанын келтірген басылым, бұрынғы бағамынан 5,6 пайызға құнсызданған теңге жаңа рекордтық көрсеткішке жетіп, бір АҚШ доллары 333,9 теңгені құрағанын, яғни теңге биылғы тамыздан бері 43,7 пайызға құнсызданғанын айтқан.
«Дүйсенбі күні мұнай баррелінің бағасы соңғы жеті жыл ішіндегі ең төменгі деңгей – 37 долларға дейін құлдыраған соң экспорт кірісінің 60 пайызын мұнайдан түсетін қаржы құрайтын Қазақстан шикізат бағасының арзандауынан қатты зардап шекті» деп жазады Financial Times.
Дереккөз: Азаттық