Қазақстан Ресей нарығындағы түрік тауарларын алмастыруға дайын
2015 ж. 03 желтоқсан
2422
1
Ресейге түрік тауарларын кіргізуге тыйым салынған соң, қазақстандық шаруалар өз тауарларына көрше елге жіберуге дайын.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
Ресей 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Түркиядан келетін бірқатар тауарларды еліне кіргізуге тыйым салады. Олардың қатарына тауық және үндік өнімдері, жаңа піскен және қатырылған қызанақтар, пияз, қырыққабат, қияр, жаңа піскен және кептірілген апельсин, мандарин, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхоры, құлпынай және бүлдірген бар.
24 қараша күні түрік әскері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы күрделеніп кетті.
“Біздің шаруалар сұранысқа ие болатын қажеттің өнімді жеткізетін болады. Егер Ресей нарығында қосымша сұраныс туындаған жағдайда, біздің шаруалар өз өнімдерін осы нарықта сатуға дайын. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, шаруалардың тауарларын өткізуде мәселелер көп”, — деді Мамытбеков.
Дереккөз: ИА "Новости-Казахстан"