МАҢҒЫСТАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДА КЕЛЕДІ
2015 ж. 23 қараша
2517
0
Қазақстан саясаткерлері Конгрессінің қолдауымен Аймақтық сараптамалық кеңесінің алғашқы толық сессиясында «Алматы менеджмент университеті» мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, сарапшы Гүлмира Қорғанбаева Маңғыстау аймағы елімізге инвестиция тарту көрсеткіші бойынша өзгелерге үлгі болып келе жатқанын атап өтті.
- Маңғыстау облысы шығындарды нақты оңтайландыруға арналған жобалардың нүктелік тізімін ұсынды, бұл инвестициялар тартудың заманауи тәсілдемелерін білдіреді. Мен, қандай да бір жобаны сараптауға нүктелік тәсілдеме тұрғысында қарау және жұмсалатын құжаттамаларды нақты ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Бүгінде инвесторлар шығындары тұрғысында барлық қаржылық-экономикалық дәлелдемелері барынша есептелген жобаларды ғана қолға алады. Біз жаһандық ауқымдағы жобаларға үйренгенбіз, ал әлемде идеяларды кезең-кезеңмен жүзеге асыруға, шағынынан үнеміне қарай әрекет етуге әлдеқашан көшкен, - деп атап көрсетті Гүлмира Қорғанбаева.
Сарапшылар беделді сұхбаттасу алаңдарының рөлін арттыру қажеттілігіне басты назар аударды, олар Маңғыстау облысының мысалында шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері туралы пікір алысты. Талқылаулардағы ерекше орын жұмыс орындарын құру мәселесіне байланысты тақырыптарға берілді.
- Ұлт Жоспарын орындау міндеттерінің бірі ел экономикасын әртараптандыру болып табылады, оның аясында кәсіпкерліктің әртүрлі саласында, шағын және орта бизнес пен басқа да салаларда адамдарды жаппай жұмыспен қамтуды жүзеге асырылуы тиіс. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын құруды жүзеге асыра алатын салаларға арнап барынша қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету және орта бизнесті аймақтағы жұмыспен қамту саласы бойынша 2 орынға шығару, - деді “Қазақстанда кімнің кім екені” библиографиялық энциклопедияның редакторы Данияр Әшімбаев.
Mangystau Online ақпараттық орталығы