Мұнай-сервистік компаниялардың штаты 40 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін

Биыл мұнай-сервистік компаниялардың штаты 40 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы барысында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

1388234322_13-spusko-podenye-operacii

«Ағымдық шығыстар деңгейі, яғни сервистер, жалақылар 2015 жылы 31 пайызға төмендейді. Салық төлемдерінің, оның ішінде пайдалы қазбаларды өңдіру салығы, корпоративтік табыс салығының төмендеуі болжануда», – деді ол.

Сондықтан да оның атап өтуінше, министрлік еліміздің Мұнай-сервистік компаниялары қауымдастығымен тығыз жұмыс істеуде. Өйткені, 2015 жылдың ішінде серистік қызметтер көлемі 25 пайызға қысқармақ.

«Егер бұл жайт келер жылы да жалғасын табатын болса, онда қысқару тәуекелі аясына шамамен 40 мың адам тап болады. Яғни, мұнай бағасындағы ахуал дәл осылай жалғаса берсе. Бұл – сервистік компанияларға қатысты жайт», –  деді Школьник.

Дереккөз: ИА "Казинформ"