Елордадағы құрылыс компанияларының басшыларына іздеу жарияланды

«Азбука жилья» компаниялар тобының жетекшісі, парламент мәжілісінің экс-депутаты Ерқанат Тайжановқа халықаралық іздеу жарияланды.

Ерқанат Тайжанов

Ерқанат Тайжанов

Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады 7sunews.kz.

«ШейхҚазИнвест» ЖШС жетекшісі Ольга Шнайдер, «АльБаракат Company» ЖШС жетекшісі Бақытжан Тойымбетов, «Азбука жилья» компаниялар тобының жетекшісі Ерқанат Тайжановқа қатысты қамауға алуға санкция берілген. Тайжанов Ерқанат халықаралық іздеуге берілді»,  – делінген дүйсенбіде астаналық прокуратурадан таралған ақпаратта.

Тергеудің алдын ала болжамына қарағанда, аталмыш құрылыс компания жетекшілерінің іс- қимылдарынан Ақмола облысының Целиноград ауданының аумағында тұрғын үй кешендерін салуға қатысқан үлескерлердің бірқатары зардап шеккен.

Ерқанат Тайжанов — экс-депутат. 2008 жылы ол депутаттық өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатқан.