Ұлттық банктің бағамды тұрақтандыру үшін өктемділікке жұмсаған қаражаты $1,5 млрд-тан асты
2015 ж. 08 қазан
1571
0
ҰБ теңге бағамын тұрақты ұстау үшін валюталық саудаға араласуға кіріскен 16 қыркүйектен бастап, 1 млрд 525 млн 150 мың доллар қаражат жұмсалды. Бұл сома 13 жұмыс күніне бөлінді – орта есеппен күніне 117,3 млн.
16 қыркүйек – $144 млн. 17 қыркүйек – $270,4 млн. 18 қыркүйек – $67,2 млн. 21 қыркүйек – $213,1 млн. 25 қыркүйек – $41,95 млн. 28 қыркүйек – $58,5 млн. 29 қыркүйек – $137,5 млн. 30 қыркүйек – $225 млн. 1 қазан – $119,9 млн. 2 қазан – $106,5 млн. 5 қазан – $54,5 млн. 5 қазан – $20 млн. 5 қазан – $66,6 млн.
Өктемділік басталған алғашқы күндерде бағам 284 теңгеден 270 теңгеге түсті. Кейін, тіпті 264 теңгенің деңгейінде тұрды.
KASE-тің соңғы саудаларына сәйкес, орташа сараланған бағам 274,44 теңгені құрайды.
Қазнетте өктемділік мөлшері 1,5 млрд-қа жеткенде, көпшілік мұндай қаражатқа Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа салынған деген пікірлерін қалдыра бастады.