Қазақстан банктері несиені қанша пайызбен беріп жатыр?!.
2015 ж. 29 қыркүйек
5134
2
Қазақстанда қыркүйекте несиелердің орташа мөлшерлемесі 27,26 пайыз болды. Бұл маусымға қарағанда 2,2 пайызға төмен. Мұндай мәліметті Ranking.kz порталы ұсынды. Олар 3 миллион теңгеге дейін кепілсіз берілетін несиені негізге алды.
Маусыммен салыстырғанда кейбір банктер едәуір жеңілдіктер ұсынды. Жылдық пайыздық мөлшерлемені ең көп арзандатқан үштікке АТФ Банкі - 16,16 пайызға (қазіргі мөлшерлеме 17,10 пайыздан басталады), ВТБ - 14.72 пайызға (32,53 пайыз) және Казкомммерцбанк - 12,01 пайызға (қазіргі мөлшерлеме 25,64 пайыздан басталады) кірді. Жалпы алты банк несие мөлшерлемесін төмендетті.
Ал кейбір банктер керісінше пайыздарды өсірді. Мысалы, Астана Банкі пайыздық мөлшерлемені 0,20 пайызға өсірсе (қазіргі мөлшерлеме 34,90 пайыз), Еуразия банкі 10,59 пайызға көбейткен (қазіргі мөлшерлеме 48,10 пайыз).
Сонымен, қыркүйек айында ең аз мөлшерлемемен несие берген банк АТФ болып шықты (17,1 пайыз). Ең көп тиімді пайыздық мөлшерлеме Сбербанкте - 31,2 пайыздан басталады. Бұл сегментте максималды мерзім 48-ден 60 айға дейін. 5 жылдық несиені Казкомерцбанктен, АТФ банкінен және Fortebank-тен алуға болады
http:kaz.tengrinews.kz