2015 жылдың соңына дейін Астанада 10 балабақша пайдалануға беріледі
2015 ж. 21 тамыз
1753
1
Ағымдағы жылдың аяғына дейін елордада 240 орындық 10 балабақша мен 60 орындық жапсаржайды пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлады Астана қалалық Білім басқармасы.
Балабақшалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасады:
- Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша;
- Сауран мен № 24 көшенің қиылысындағы 240 орындық балабақша;
- Түркістан-Орынбор - № 25, № 26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша;
- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 1 балабақша;
- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша;
- Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан қысқа көшесініңқиылысындағы 280 орындық балабақша;
- Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Баян Сұлу көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша;
- № 23 көшенің аумағында 240 орындық балабақша (Орынбормен № 36 көшенің арасында);
- Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша;
- Көктал-2 кентіндегі 240 орындық санаториялықбалабақша.
Сонымен қатар, № 4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық жапсаржай.
astana.gov.kz