Сарапшы: Елімізде доллар бағамы 210 теңгеге жетеді
2015 ж. 23 шілде
3083
5
Бірнеше күн ішінде еуро құны 1 теңгеге төмендеген. Бұл – валюталық дәліздің кеңеюіне байланысты өзгеріпті. Бүгінде еуропалық валюта бағамы 207 теңге 95 тиынды құрауда, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
Ал Ресей рублі болса 3 тиынға арзандап, қазір оның орташа сараланған бағамы – 3 теңге 76 тиынды құрады. Алайда, АҚШ доллары еш өзгеріссіз – 187 теңге 5 тиынды сақтап тұр. Сарапшылардың болжамынша, жарты жылда көк қағаз бағамы 210 теңгеге дейін көтеріледі.
«Экономикалық жүйе әізірге күрт девальвацияға жол бермейді. Яғни доллар бірден 198-ге көтеріле алмайды. Ұлттық банк саясаты бойынша, олар американдық валюта бағамын ай сайын көтеруді көздеп отыр», – деді экономист Мақсат Серәлі.
Жуырда Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының тербеліс дәлізін кеңейткен еді. Бүгінде 1 АҚШ долларының жоғарғы шекті бағасы 198 теңгеге ұлғайтылып отыр.
Осыған дейін, елде теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының ауытқу шегі 170-188 теңге болған. Бас банкирдің сөзінше, бұл қадам инфляцияны бақылауда ұстау үшін жасалды.
Дереккөз: Алматы ТВ