Қазақстаннан тыс аумақта 17 нысан мен 73 млрд теңге жария етілген

Елімізде мүлікті заңдастыру және қаржыны жария ету науқаны басталғаннан бері Қазақстаннан тыс аумақтың өзінде 73 млрд теңге жария етілген. Ал, еліміздің аумағынан тыс заңдастырылған нысандардың саны – 17. Бұл туралы бүгін «Ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыру рәсімдерін жеңілдету» тақырыбында өткен баспасөз мәлихаты барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 
«Бүгінгі таңда 292 млрд теңге жария етілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік бойынша 30 мыңнан аса нысан бар, бағалы қағаздар сомасы 219 млрд теңгені құрады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету бойынша 17 нысан 636 млн теңгеге жария етілді және де ақшалай 73 млрд теңге қаражат жария етілді. Жұмыс әлі жалғасуда»,-деп атап өтті вице-министр. Бұл ретте А.Теңгебаев Қаржы министрлігі мүлікті жария ету процесін жеңілдету мен құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қолға алып жатқанын атап өтті. BNews.kz