Ақтау, Жаңаөзен қалаларының жаңа әкімдері тағайындалды
2015 ж. 13 шілде
3741
0
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының және Мұнайлы ауданының жаңа әкімдері тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік Президенті мен Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының келісіміне және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкіміне сәйкес Ақтау қаласының әкімі болып Трұмов Серікбай Өтелгенұлы тағайындалды.
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы 1964 жылы 3 маусым күні туылған.
Жоғары білімді. 1992 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған.
Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметінде болды.
***
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Президенті мен Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттарының келісіміне және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкіміне сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімі болып Әбілов Елубай Жақайұлы тағайындалды.
Әбілов Елубай Жақайұлы 1962 жылдың 19 тамызы күні дүниеге келген.
Жоғары білімді. 1985 жылы М.И. Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылық институтын жеміс-көкөніс пен жүзім өсіру мамандығы бойынша аяқтаған.
Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.
Соңғы қызметі - Мұнайлы ауданының әкімі.
***
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Президенті мен Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттарының келісіміне және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкіміне сәйкес Мұнайлы ауданының әкімі болып Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы тағайындалды. Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол. Соңғы қызметі - Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары.
Қазақпарат.