Каспий теңізіне қатысты жаңа жәдігерлер табылды
2015 ж. 08 шілде
3406
1
Маңғыстау облысында қазба жұмыстары барысында археологтар ХIV ғасырда Каспийдің басқа теңіздермен байланысы болғанын айғақтайтын дәлелдерді тапты.
Кетікқала шаһарының орнын қазу кезінде археологтар қызыл маржан бұтақтарының бөліктерін тапты. Бұл 14 ғасырда теңіздердің бір-бірімен байланысы болғанын растайтын деректердің бірі болып табылады.
«Баутино кентінің тұрғындарының тарихи деректеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында шіркеулерде иконда маржан бұтақтары тұрғаны белгілі. Олар маржан бұтақтары теңізге лақтырылған Құлалы аралынан табылған. Сол кездегі тұрғындар теңіз түбі маржанға толы деп санаған. Бүгінде Каспийде маржан болмағанын білеміз, ол аралға суға батып кеткен кеме арқылы келуі мүмкін», - деді археолог Андрей Астафьев.
Экспедиция мүшелері керамикалық ыдыстың сынығын тапты. Бұл Кетікқалада қыш шеберханасының болғанын дәлелдейді. Диірмен тасының үш сынығы да табылды, бұл осы жерде егіншілікпен айналысқанын растайды. Сонымен қатар қытайлық фарфордың, әйел жүзігінің сынығы, ақықтан моншақ сынықтары табылды, деп жазады lada.kz.
Сонымен қатар археологтар жеті монета тапқан. Оның екеуінде Хижра жыл санауы бойынша 761-768 жылдар деп жазылған.
Барлық жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын болады.
ҚазАқпарат