Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысына іс-сапармен барды
2015 ж. 06 шілде
2980
0
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
3 шілде күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев 2013 жылы пайдалануға берілген Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты құрылғыларын жөндейтін цехтың жұмыс жасау барысымен танысты. Құрылыстың жалпы құны – 4,79 млрд. теңге. Нысанда аумағы 9252 шаршы метр болатын әкімшілік-тұрмыстық корпус пен өндірістік цех орналасқан. Құрылғыларды қабылдайтын және жуатын, сорғы-компрессорлық құбырларды, сорғы қарнағы мен қарнақты терең сорғыларды жөндейтін жерде, дайын өнім телімінде шамамен 350 адам жұмыс жасайды.
Өндірістік цехта жылына 400 000 дана сорғы-компрессорлық құбыр, 300 000 дана сорғы қарнағы, 10 000 бірлік терең қарнақты сорғылар жөнделеді.
Цехтың жұмысы жерасты құрылғыларының жұмыс жасау сапасын арттыруға, тереңдетілген сорғы құрылғыларының пайдалану мерзімін ұзартуға, жерасты саңылауларындағы экологиялық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған.
Бердібек Сапарбаевтың еңбек ұжымымен кездесуі кезінде жұмыс орындарын сақтап қалу үшін кәсіпорынның қабылдаған шаралары туралы, «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік қызметіндегі мәселелер талқыланды.
«ӨзенИнвест» МКК ауыз суын тазалау станциясымен танысу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына кәсіпорынның ағымдағы жұмысы, яғни Жаңаөзен мен жақын орналасқан елді мекендерді ауыз суымен қамтамасыз ету туралы баяндап берді.
Анықтама үшін: «ӨзенИнвест» МКК сумен жабдықтау жүйесі ауыз суын тазалап, сақтап, тұтынушыларға тасымалдануын қамтамасыз етеді. Еділ суы су құбырының желісі бойынша жерасты су қоймасына құйылады да, «Дегремон» француздық фирмасының МУД-720 су тазалайтын ғимаратына сорғы станциясының ІІ көтергіші арқылы тазалануға беріледі. Су тазалау технологиясы коагулир мен флокулир (гидролиз кезінде пайда болатын, сүзбейтін бөлігінен суды тазалау), залалсыздандыру, сүзу, коагулир қалдықтарын тұндыру процесстері жүретін 4 кезеңнен тұрады.
Ауыз суына жарамды деңгейге дейін тазартылған, зарарсыздандырылған су «артезиан» суымен бірге таза судың қоймасына түсіп, араласады. Таза су қоймасындағы ауыз суы сорғы станциясының І көтергішіндегі сорғымен су құбыры желісіне тасымалданады. Орталық лаборатория арқылы анализ үшін алынатын суды сұрыптау жұмыстары қатарласа жүреді.
Артық су қорын 3 тәулікке дейін сыйғыза алатын жұмыс жасап тұрған саябақ қоймасы 45 мың адамға есептелген. Қала бойынша жыл сайын су құбыры желісіне 2000-нан астам абонент қосылып отыр. Абонент санының көбеюі ауыз суына деген сұранысты арттырады. Сонымен бірге, 2012-2020 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарына сәйкес, жеке сектордағы 7000 тұрғын үйді қосу жоспарланып отыр. Жаңаөзен қаласы тұрғындарының көбеюіне байланысты қазіргі таңда 150 мың адамға есептелген үш тәулікке арналған су қоры қоймасы саябағына сұраныс артып отыр.
Жаңаөзен қаласында еділ суының жеткізілу көлемін тәулігіне 50 мың текше метрге дейінгі көтеру үшін, еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су деңгейіне дайындау үшін, «Су тазалайтын ғимарат құрылысы» жобасын іске асыру үшін және Жаңаөзен қаласындағы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін су тазалайтын станциясы шекарасынан жер телімі (2 га) бөлінді. Қазіргі уақытта аталмыш жоба бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары 2014 жылы пайдаланымға берілген перзентханаға барды. Жаңаөзен қаласындағы іссапар барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Жаңаөзен қаласындағы Кешенді жоспардың орындалуы және «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып берді.
Келесі танысқан нысан Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы «Ақсу» шағын ауданындағы 280 орынды «Айгөлек» атты № 12 балабақша болды. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің оқу кабинеттері арнайы құрал-жабдықтар және жиһаздармен жасақталған. Мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту мақсатында балабақшада акт залы мен музыкалық зал, киім бөлмелері, оқытушылар мен балаларды дәрігерлік тексерістен өткізетін кабинет, медициналық персоналға арналған бөлме қарастырылған. Ғимараттың 1-нші қабатында арнайы кіру есігі бар ас әзірлейтін бөлік орналасқан. Асхана тәрбиешілер мен қызметшілерді ортақ, диеталық және емдік-профилактикалық тамақтармен қамтамасыз етуге есептелген.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақтау қаласында кәсіпорындар мен Маңғыстау облысының әкімшілігі арасында жұмыспен қамту және қазақстандық түсінік бойынша жасалған меморандумдарды жүзеге асыру мәселелері турасында жиналыс өткізді.
Маңғыстау облыстық ауруханадағы кардиохирургиялық бөлімді аралау кезінде Вице-премьер Маңғыстау облысындағы кардиохирургияның дамуымен және жаңа кардиохирургиялық орталықтың мүмкіндіктерімен танысты.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ғимаратында облыстағы әлеуметтік саланы дамыту мәселесіне қатысты жиналыс өткізді.
Содан кейін Бердібек Сапарбаев спорт сарайы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылыстарымен танысты.
120 орынды жатын корпустары бар 720 оқушыға арналған жаңа «Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» Ақтау қаласындағы 33 шағын ауданында тұрғызылып жатыр. Бұл нысан ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ақтау қаласында 2014 жылы басталған көп функционалды-спорттық кешеннің құрылысына 3 081 млн. теңге бөлінді.
Маңғыстау облысының әлеуметтік саласының дамуына 2015 жылы 10,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 4,7 млрд. және жергілікті бюджеттен 5,7 млрд. теңге. Маңғыстау облысының әлеуметтік саласының дамуына 2014 жылы 7,6 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 5,1 млрд. теңге.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.