Қазақстанда 193,3 млрд. теңгенің 27 043 нысаны жария етілді
2015 ж. 18 маусым
1228
0
Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 336,0 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 35 509 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Сомасы 193,3 млрд. теңгеге 27 043 нысан жария етілді.
Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,2 млн тенге құрайтын 17 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша өтініш келіп түсті.
Сомасы 631,7 млн. тг құрайтын 13 тұрғын үй объекті, сомасы 1,5 млн. тг құрайтын тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын коммерциялық обьекті.сомасы 3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың қатысу үлесі; 670 тг сомасында бағалы қағаздар;
Сомасы 635,4 млн. теңгеге 15 объект және бағалы қағаздар жария етілді.
ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 12.06.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 69,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 126 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,8 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,1 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 34,9 млрд. теңге.
15.06.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,8 млрд.теңге түсті.
strategy2050.kz