Зейнетақы жаңа жылдан бастап тоғыз пайызға көбейеді

2
2292

Тengrinews.kz мұрағатынан

Зейнетақы тоғыз пайызға артатын болады. «Өкілетті ұйымнан берілетін, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін, соның ішінде, зейнетақыны сіңірген еңбегі үшін алатын әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, мемлекеттік фельдъегер қызметтің арнайы атақтар мен шендер және біліктілік сыныптар берілген жұмысшыларының және арнайы атақтар, сыныптық шендер мен формалық киім кию құқығы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдардың зейнетақысын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап алатын зейнетақысы мөлшерінің тоғыз пайызы көлемінде арттыру жүргізілсін», – делінген қаулыда. Сонымен бірге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеті пайызға арттыру туралы қаулы қабылданды.

Еске салайық, 15 желтоқсан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында еліміздің зейнетақы мен жәрдемақының қазіргі деңгейін сақтай отырып, экономикалық дағдарысты еңсеретінін мәлімдеген еді. «Осы ауыр жылдары біз, айталық, зейнетақыны немесе жалақыны одан әрі көтере алмаймыз, бірақ бүгінгі деңгейін сақтауға міндеттіміз. Дағдарыс өтеді, қиындықтар өтеді және біз жүргізген саясатымызға ораламыз. Біз барлық бағыт бойынша даму қарқынын ұстап тұратын боламыз», – деген болатын Назарбаев.

tengrinews.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Пенсия алатын орыстын шал кемпирлерин асырап балалардын несибесин азайтып отырган бул зандарын кимге колайлы? Орыстын жагымпаздары сендер канша кобейткенмен рахмет айткан бир орысты кормедик.каскыр орманга карап улыйды деген.ал акеси олген балалар сол жылаган калпы тиын тебенмен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз