А. ПЕРУАШЕВ: ҰЛТТЫҚ БАНК МӘЛІМДЕГЕН ДЕВАЛЬВАЦИЯНЫҢ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨСІРУГЕ ОҢ ЫҚПАЛЫ БАЙҚАЛМАЙ ОТЫР

Улттык Ұлттық банк мәлімдеген девальвацияның қазақстандық экспортты өсіруге оң ықпалы ішкі тауар айналымы шығындарының орнын толтырған жоқ. Бұл туралы «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев 2014-2015 жылдардағы республикалық бюджетті талқылау барысында Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. «Ақ жолдың» осы мәселе бойынша ұстанымын баяндай отырып, фракция жетекшісі салықтық түсімдердегі белгіленген қысқартулар егжей-тегжейлі негіздерді талап ететінін атап өтті. Мәселен, ҚР аумағына импортталатын тауарлардың ҚҚС бойынша түсімдерінің бірден 225,3 млрд. теңгеге құлдырауынан көруге болады. Бұл салықтық түсімдердің (460 млрд.тг.) жалпы сомасының 49 пайызын немесе жартысына жуығын құрайды. «Осы төмендеуге негізінен ақпан айындағы девальвация әсер етті, ол ішкі сұраныстың деңгейін едәуір қысқартты. Сонымен қоса, Ұлттық банк мәлімдеген девальвацияның қазақ­стандық экспортты өсіруге оң ықпалы ішкі тауар айналы­мы шығындырының орнын толтырған жоқ, – деп атап өтті ол. – Бұған байланысты деваль­вацияның шығындарына және экономиканың өсу қарқы­нына экспорттың, импорттың және ішкі нарықтың өзара ықпалын мұқият талдау қажеттілігі туындайды. Ал, мұндай талдау бюджетті түзетуге түсіндірме жазбада атымен жоқ». Бұл есептер «Ақ жол» көшбас­шысының пікірі бойынша жағдайдың сайма-сай бағасын айқындау үшін қажет. Сондай-ақ Ұлттық банктің инфляция деңгейін 6,0-8,0% деп бағалауына «ақжолдықтар» күмән келтірді. «Жылдың аяқталуына екі ай қалғанда инфляция деңгейінің екі пайызға, 6-дан 8%-ға дейінгі аралықта екпін алуы орынсыз болып көрінеді деп санайды Азат Перуашев. – Біріншіден, бұл мерзімге дейін көрсеткішті нақты айқындап алу керек еді. Бізге белгілі болғандай, халықаралық институттар және көптеген дамыған елдер осындай уақытта пайыздың оннан бір бөлігіндей деңгейдегі болжамдарды нақтылайды. Екіншіден, тағы бір маңызды мәселе, ақпандағы девальвацияның инфляциялық процестерге әсері есептелді ме?». Осыған байланысты, демо­кратия­лық фракцияның жетекшісі мемлекеттік органдардың тарапынан сандармен «жонглерлік» етудің мысалын келтірді. «Заң жобасындағы нақтыланған мәліметтер бойынша, ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда теңгемен алғанда 13 % құрайды. Ал долларлық ба­ғамда қайта есептегенде, керісінше, 4,6 % құлдырау бай­қа­лады. 13% өсу немесе 4,6 % төмендеу бір мағынаны білдір­мейді» – деді А.Перуашев. Сондықтан «Ақ жол» партиясы теңгенің девальвация процесінде есепке алатын инфляцияның сайма-сай бағасын беруді талап етеді. Фракцияның депутаттары инфляцияның нақты деңгейін анықтау алдағы 2015 жылдың бюджеттік саясатының негізіне алынуы тиіс деп санайды.                 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі