Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы 350 млн. доллар

Астана мен Риганың экономикалық байланыстарын кеңейтуге мүмкіншілік жеткілікті. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Латвия бизнес-форумы барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты - деп хабарлайды Қазақпарат. 20140924174648«Біздің республикалар арасындағы  тауар айналымы шағын, небәрі  350 млн. долларды құрайды. Ал ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 155 млн. долларға жетті», - деді И.Тасмағамбетов. Оның атап өтуінше, Қазақстан Латвиядан ағаш бұйымдарын, құрылыс материалдарын, балық өнімдерін, дәрі-дәрмек алады. Ал Латвия еліміздің мұнай және мұнай өнімдерін, мақта талшығын, зығыр тұқымын, металл қалдықтары мен сынықтарын, қара металл құймаларын импорттайды. «Меніңше, біздің ынтымақтастығымызды кеңейту үшін мүмкіншілік жеткілікті. Барлық мәселе кооперациялық байланыстарды орнатуда болып тұр», - елорда әкімі. http://inform.kz/