Құлыбаев Алматыдағы базарларды жаппай бұзуды кейінге қалдыруды ұсынды

4ko44pre_4 Кәсіпкерлер ұлттық палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматыдағы базарларды жаппай бұзуды кейінге қалдыруды ұсынып отыр. Ол ұлттық палатаның кеңейтілген отырысында осындай мәлімдеме жасады. Тимур Құлыбаев жаңа сауда орындарын салу және ескі базарларды қайта жөндеу туралы ортақ жоба құрған жөн дейді. Бұл жобада саудагерлердің, сатып алушының және мемлекеттік органның да мүддесі ескерілуі тиіс. Ал базарларда жұмыс істеген кәсіпкерлерді жаңа сауда орындарын салуға үлескер немесе акционер ретінде тартуға болады. Сонда олардың меншік иесі ретінде сауда нүктелерінің инфрақұрылымын дамытуға деген ниеті де, жауапкершілігі де арта түспек. Ал осы жоба іске асқанға дейін базарларды бұзуға мораторий жариялаған дұрыс. Құлыбаев мырза бұл ұсынысын ел үкіметіне де жеткізбекші. NUR.KZ