АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2014 ж. 03 маусым
2067
0
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған алғашқы конференция өз жұмысын бастап кетті. Бұл қалалық бизнес-форумға ҚР ҰКП басқармасның төрағасы Абылай Мырзахметов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысуда. Сонымен қатар, басқосуға қаладағы бизнес-қоғамдастықтың 500-ге жуық өкілдері, оның ішінде салалық қауымдастық басшылары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Алматы қаласы әкімдігінде өтіп жатқан бұл конференция ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының І Съезі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Конференцияның күн тәртібі бойынша Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков өңірлік палатаның жарты жылда атқарған қызметтері мен жеткен жетістіктеріне тоқталып, жемісті еңбекке Алматы қаласы әкімдігімен ынтымақтастық байланыс септігін тигізгенін атап өтті.
«Алматы кәсіпкерлері, жалпы еліміз бойынша кәсіпкерлер санының 30 пайызын құрайды. Ал олардан түсетін салықтық түсімдер қала бюджетінің 65 пайызына жетеді. Сондықтан да Алматыда салалық және аймақтық қауымдастықтардың басым бөлігі шоғырландырылған. Алғашқы күннен бастап, Өңірлік палата барлық консультативтік органдардың жүмыстарына қатысып келеді. Бұл жерде әсіресе прокуратура, қаржы полициясы, кедендік комитет, техникалық реттеу және әрине қалалық Іскерлік кеңесті ерекше атап өткім келеді. Күні бүгінге дейін Палата 47 дөңгелек үстел мен кездесулер өткізді. Кәсіпкерлер арасында 4 тегін семинар өткізілді. Сонымен қатар, кәсіперлік субъектілердің 100-ден астам арыз-өтініштері қаралды. Мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды. Палатының қатысуы арқасында шағын және орта бизнеске қатысты жүргізілген 3 заңсыз тексеру күшін жойды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қатысты, 40 млн. теңге көлемінде айыппұл өндіріп алу туралы да заңсыз сот шешімі күшін жойды», - деді Ерлан Стамбеков.
Бизнес форум өз жұмысын күннің ортасына дейін жалғастырмақ.
Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі