Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа девальвацияға негіз жоқ деп, жұртшылыққа бұл үшін алаңдамауға кеңес береді.
"Жұртшылықтың айырбастау бағамы бойынша алаңдауына ешқандай негіз де, себеп те жоқ... Ешқандай девальвацияның болмайтындығы және бұның барлығы қауесет екендігі түсінікті", - деді Келімбетов.
Сондай-ақ ол 2014 жылдың желтоқсанына қарай 2020 жылға дейінгі Алматы қаласын қаржы орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасы қабылдануы керектігін жеткізді.
"Құжатты дайындауға барлық мемлекеттік органдар қатысып жатыр. Бұнымен қоса, жұмысқа Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің, Азия Даму банкінің сарапшылары, Дүниежүзілік банк пен Ислам даму банкінің өкілдері де атсалысуда. Бұдан бөлек, бұл бағыттағы жұмысқа қаржы орталықтарын дамыту саласындағы, жаһандық қаржы орталықтары мен исламдық қаржыландыру саласының жетекші консультанттары да қатысады", - делінген Қазақстан жаңалықтары хабарламасында.