ҚР ҰКП – Мемлекет басшысының бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша тапсырмаларын жүзеге асырудың кепілі – Қуаныш Бішімов
2014 ж. 16 мамыр
1525
0
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы пайда болғалы Мемлекет басшысының бизнесті қолжетімдік қаржы ресурстарымен қамту ғана емес, сондай-ақ бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша барлық тапсырмалары міндетті түрде жүзеге асырылатындығына сенім пайда болды, деп есептейді «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Қуаныш Бішімов.
Құрметті отандық кәсіпкерлер!
Жақында Astana Group компаниясының Президенті Нұрлан Смағұлов Қазақстанның кәсіпкерлеріне үндеуімен шыққан болатын. Мен оның мемлекет пен бизнес арасындағы жаңа қатынастар мен жаңа экономикалық саясат жағдайында өмір сүріп және жұмыс істеп жаьқандығымызға қатысты ойын қолдаймын. Осыған қосатыным, мен жақсы жаққа өзгерістерді кәсіпкер ретінде сезініп қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы ретінде де осы бағытта өз үлесімді қосамын. Өңірлік кеңестегі жұмысым кезінде мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы – кәсіпкерлікті дамыту жолындағы дұрыс қадам екендігіне көзім жетті. Осыған дейін бизнес субъектілері, көбінесе ірі және орта, аумақтық немесе салалық белгілер бойынша әртүрлі қауымдастықтарға бірігетін, бірақ олардың ешбірі аудандық немесе ауылдық аймаққа жетпеген. Тек Ұлттық палатаның құрылуы кәсіпкерліктің барлық санаттарының, соның ішінде бизнес-қауымдастықпен бұрын ұсынылмағандардың да мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бүгінде мен ел Президентінің «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» жарлығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, демек кәсіпкерлердің өздерінің негізгі жетістігі деп мақтанышпен айта аламын.
Дәл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің мүдделеріне өкілдік ету және теңге бағамына түзету жасауды ескеру арқылы, үкіметке ұсыныс енгізді, кейін олар бизнес субъектілерін қолдау бойынша нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапты.
Сонымен, 2015жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланды. Тексерістердің жалпы санын үш есеге дейін азайтатын, қажет емес талаптарды алып тастау арқылы тексеру өткізу форматын түбегейлі қайта қарау жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге артық жүктеме тудыратын жаңа негізсіз рұқсаттарды енгізуді тоқтататын «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заң жобасы жасалып жатыр. Енді бизнестің мүдделерін қозғайтын бір де бір құжат ҰКП сарапшылдық тұжырымынсыз, соның ішінде өңірлік деңгейге де қатысты, қабылданбайтыны да маңызды. Сондай-ақ кәсіпкерлер құқығы бойынша өкілетті институтты енгізу арқылы Ұлттық палатаның рөлі күшейтілетін болады.
ҰКП Үкіметтің толық құқықты серіктесі болғандығы туралы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырумен қамтамасыз ету бойынша қабылданған әрекеттер жоспары да хабар береді. Сөйтіп, Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық қордан 2014-15 жылдарға 1 трлн теңге бөлінді, оның ағымдағы жылға бөлінген 500 млрд теңгесі банк секторын қалпына келтіру, ҮИИДМБ-2 жүзеге асыру және ШОБ кредит беру және қолдауға бағытталды.
Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан кейін, Мемлекет басшысының бизнесті алып жүру үшін қолайлы жағдай құру бойынша тапсырмалары міндетті түрде орындалатындығына сенім пайда болды.
Қорытындылай келе, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Ұлттық палатаның барлық бастамалары мен жобаларын қолдайтындығын және міндетті мүшелік жарналарды төлей отырып, елдің бизнес-ахуалының жақсаруына қаржы салуға дайын екендігін мәлімдеймін.
Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі