Отандық кәсіпкерлердің көптен күткен алаңы
2014 ж. 16 мамыр
1783
0
Ақтөбе облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бизнестің жүйелік проблемаларын шешу үшін әрекеттегі платформаны көретінін атап өтті.
Мен Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысына қатыстым. Онда Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында бизнестің дамуы ең басты мәселе» болып табылатынын айтты. Шағын және орта бизнесті дамыта отырып қана, біз еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылатын орта топтың ұлғаюына қол жеткіземіз. Бүгінде біз, Қазақстанның кәсіпкерлері, серпінді дамып келе жатқан Ұлттық палата аясында бірігуіміз керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін отандық бизнес-қоғамдастықты жұмылдыра алатын отандық кәсіпкерлердің көптен күткен алаңы.
Тәуелсіздік жылдарында біз көп нәрсеге қол жеткіздік, алайда проблемалар да жоқ емес, олардың бірі – кәсіпкерлердің өздерінің әрекетсіздіктері. Біріге отырып, біз өзімізді қорғап қана қоймай, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесімізді қоса алатынымызға олардың сенуі керек.
Мен сіздерді мүшелік жарналарды белсендірек төлеуге шақырамын, оның міндетті екені «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңда жазылған, сондай-ақ бұл қалыптасқан әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Бизнестегі 20 жылдық тәжірибеме сүйеніп, германдық серіктестермен 15 жыл бойы жұмыс жасай жүріп, біздің Германияның Ұлттық палатаға ұқсас бизнес-бірлестігінің жасап жатқан істеріне талай куә болған едім. Түсіп жатқан қаржы-қаражат Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен олардың аудандық филиалдарын дамытуға қажет. Қазақстандықтардың 40 пайыздан астамы тұрып жатқан дәл сол аудандар мен ауылдарда біздің көмегімізді ауылдық кәсіпкерлер мен өз ісін бастауға дайын жастар күтіп отыр.
Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі