Теңге нығая бастады...
2014 ж. 12 наурыз
2345
0
Жақын арада ұлттық теңгеміз нығая бастамақ. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне валюталар нарығындағы сарапшы маман Анна Бодрова мәлім етті.
Сарапшы маманның айтуынша, наурыз айының алғашқы аптасында-ақ теңгеге қатысты түзілу нығая бастаған.
"Теңге таразы басын басып, өткен аптада яғни 3-10 наурыз аралығында доллар арзандап бір доллар 180-182 теңгені құрады. Ұлттық банктің ұстанып отырған позициясына сай теңгенің нығаюйы әлі де жалғаса береді" дейді Бодрова.
Сондай-ақ Бодрова осы апта да (10-16 наурыз) ұлттық валютамыз теңге үшін жайлы болатынын атап өтті... Сарапшының пайымдауынша, осы аптада да доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 180-182 теңгенің айналасында түзіледі.
Ал еуро 249-253 теңгені құрамақ. Рубль болса 5,00-5,25 теңгені құрамақ.
"Әзірге теңгенің одан әрі құнсыздануына ешқандай ішкі экономикалық себептер жоқ. Енді Ресей-Украин дағдарысының шешілуін және оның рублдің бағытына қалай әсер ететінін күту керек. Болашақта теңге Ресей валютасымен салыстырғанда 02, 05 пайызға нығаюы мүмкін" дейді ол.
nur.kz