Қазақстандықтар қарызға күн көріп отыр
2014 ж. 24 қаңтар
1093
1

***
«Айқын» басылымы соңғы жылдары қарапайым халық тұтынуға қажетті несиелерге көп иек арта бастағандығын жазып, қынжылыс білдіріп отыр. Соған орай, депутаттар алаңдаушылық білдіріп жатқан көрінеді. «Бұл төңіректегі мәселе қоғам назарын аудара бастады. Тіпті ел аралаған халық қалаулылары да жұрттан жағымсыз жағдайларды естідi ме, Парламент төрінен де қарыз мәселесін көтерді. «Мемлекеттің қарызға өмір сүруі қауіпті» деді күні кеше Кузьмин Мәжілістің жалпы отырысында. Премьер-Министр мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдаған ол: «Депутаттық сауалымның себебі халықтың екінші деңгейдегі банктерге тұтынушылық қарызының күрт өсуі болып отыр. Осы көрсеткіш 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,2 триллион теңгені құрады. Тек қана бір күнтізбелік жыл ішінде, 2012 жыл мен 2013 жылдың қараша айлары арасында тұтынушылық қарыз 48% өсіп, 701 млрд теңгені құрады» деді», - деп жазылған «Қазақстақстандықтар қарызға өмір сүріп жатыр»тақырыбымен берілген мақалада. Сонымен қатар осы басылымның алғашқы бетінде аталмыш тақырыпқа орай, «Төлем қабілеті төмен азаматтарға кешірім жасалуы қажет пе?» деген сауал төңірегінде танымал қаржыгерлердің пікірлері берілген. *** «Майданда оқ атылып, адам өлді» деп жазады «Түркістан» басылымы. Янукович бұл тығырықтан қалай шығады? Аталмыш газет тілшісінің мақаласы әлем жұртшылығын елеңдетіп отырған осы оқиғаның жай-жапсарын кеңінен қамтуға тырысқан.***
«Казахстанская правда» жұма күнгі санында елімізде ғылымның дамуына арналған бірқатар түйткілді мәселелерді көтеріп отыр. «Науке нужна молодежь» деген тақырыппен жарық көрген мақаланың авторы - ҚР БҒМ Экономика институтының профессоры, Нью-Иорк ғылым академиясының мүшесі Болат Құсайынов. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 4230 ғылым докторы бар. Дегенмен оның тек 25 пайызы ғана зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бұл үрдісті ғылымның мәртебесін өсіру арқылы, жастарды көптеп тарту негізінде жою қажет деп есептейді профессор.Қазақпарат