Әлемдегі ең қымбат қала

20140116200410Expatistan сайтындағы жыл сайынғы рейтингте Лондон әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша Лондон Нью-Йорк пен Сиднейді басып озған.
Бұл туралы www.segodnya.ua сайты хабарлады. Ұлыбритания астанасы бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда: тұрғын үй жалдау, бензин, электр тауарлары, киноға билет және бір шыныаяқ капучино құны бойынша басқа қалалардан алда келеді. Нақтырақ айтсақ, Лондонда алаңы 85 шаршы метр пәтерді жалға алу 2 600 фунт стрелингті (шамамен 3 632 еуро) құрайды, Римде мұндай пәтерлер 1 644 еуро, Нью-Йоркте - 975 еуро, ал жаңазеландиялық Веллингтонда - 1 144 еуро шамасында. Сондай-ақ, Британ астанасында бір шыныаяқ кофенің құны Италия астанасындағы бағаға қарағанда, шамамен 60 пайызға қымбат тұрады. Expatistan рейтингінің тізімінде қымбат деп танылған Осло, Женева, Цюрих қалалары бар.