Мұнай өндірудің көлемі ұлғайды

1330752205_oil_2Тәулесіздік жылдары ішінде Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 3 еседен астамға өсті.

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің 15-ші отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті. Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан әлемдегі мұнайдың дәлелденген мол қорына ие 15 елдің, ал газ қоры бойынша алғашқы жиырмалыққа енген. «Біздің елімізде мұнай өндіру 3 еседен астамға өсті. Бүгінде тәулігіне 1,6 млн. баррель мұнай өндіріледі. Ал газ өндіру көлемі 5 есеге артып, жылына 40 млрд. текше метрге жетті», - деді министр. Қазақпарат