Мемлекетке 5,9 млрд теңге қайтарылды

1
863

Сотқа жолданған талап-шағым қанағаттандырылып,  Астана-контракт компаниялар тобының борышының есебіне Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне Алматы қаласындағы жұмыс істеп тұрған көлік-логистикалық орталық Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне берілді.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес мекемесі – «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-ына Астана және Алматы қалаларында көлік-логистикалық орталықтарын құруға Қазақстан Даму банкі тарапынан бөлінген қаржының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Ұлт.kz порталына холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотқа жолданған талап-шағым қанағаттандырылып,  Астана-контракт компаниялар тобының борышының есебіне Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне Алматы қаласындағы жұмыс істеп тұрған көлік-логистикалық орталық Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне берілді. Осылайша, мемлекетке 5,9 млрд теңге қайтарылды. 2013 жылдың тамыз айында Қазақстан Даму банкінің борышкерлерінің қарызын талап ету құқы Қазақстан инвестициялық қорына берілген болатын. Бұл қор тарапынан мемлекет меншігін қайтару бағытында жасалған жұмыстардың алғашқы нәтижесі.

Меншіктің жаңа иесі көлік-логистикалық орталықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын  толық сақтауға бағытталған шараларды қолға алуда.  Сондай-ақ Инвестициялық қор борышкердің қалған 6  қарызын қайтаруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Қазақстан Даму банкі Алматы және Астана қалаларында көлік –логистикалық орталықтарын құруға бағытталған инвестициялық жобаны қаржыландырған болатын. Бұл жоба бойынша несие алған  «Paragon Development» ЖШС,  «Астана-Контракт» ЖШС,  «Астана-Контракт» АҚ және «PD Logistics» ЖШС 2008-2013 жылдар аралығында толыққанды кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тапқан. Алайда несиені қайтаруға байланысты міндеттемелерін орындамаған.

2013 жылдың тамыз айында «Бәйтерек» холдингі 212 млрд теңге түйіткілді активтерді Қазақстан Даму банкінен Қазақстан Инвестициялық қорына беруге байланысты келісімді мәресіне жеткізді. Оның ішінде  «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-нан 12,5 млрд теңге борышты талап ету құқығы да бар.

ult.kz

1 Пікір

  1. Мемлекеттің талай қаржысы аш көз шенділердің қалтасына кетіп жатыр ғой. Мықты болса солардың бәрін қайтартқызсын

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз