Елімізде ең үлкен жалақыны кім алатыны анықталды

images (1)2013 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 107 317 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қарашаға 106,4%, ал нақты жалақы индексі 101,6% жетті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.
 Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 212,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 200,6 мың теңге және қаржы және сақтандыру қызметінде - 199,2 мың теңге (1,9 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 62,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді - 186,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 73,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,6%-ға төмен.

"ҚазАқпарат"