Елімізде ең үлкен жалақыны кім алатыны анықталды

1
1869

2013 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 107 317 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қарашаға 106,4%, ал нақты жалақы индексі 101,6% жетті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.

 Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 212,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 200,6 мың теңге және қаржы және сақтандыру қызметінде – 199,2 мың теңге (1,9 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 62,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді – 186,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 73,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,6%-ға төмен.

«ҚазАқпарат»

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз